29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Тағала досын зиярат еткен адамды сүйеді

Алла Тағала досын зиярат еткен адамды сүйеді

Ислам тарихы

«Зиярат» сезінің казак тіліндегі баламасы – қал-жағдайды сұрау үшін бару, арнайы көріп қайту деген мағыналарды камтиды. Зиярат ету – туыстар мен дос-жарандар және де басқа адамдар арасындағы байланысты нығайту мен сүйіспеншіліктің артуына себепші болатын амалдың бірі.

Aлла Тағала: «Mен үшін (Менің разылығымды көксеп) бір-бірін зиярат ететін, Мен үшін бір-бірін сүйген һәм Мен үшін бір-бірімен жүздескен пенделерге Менің махаббатым уәжіп болды», – деген (имам Ахмад).

Досымен жүздесуге бара жатқан жолда бір кісіге періште кезігіп: «Сен ізгі амал жасадың. (Досыңа бара жатқан жолда) басқан қадамдарың игі қадам болып, өзіңе жәннаттан орын дайындадың», – дейді (имам Термизи). Осынау сауаптың барын біле тұра мүмін адам осы амалға қалайша асықпасын?!

Алайда албырт көңілмен ізгілік жасаймын деп адам досымен арасын суытып алады. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Байсалдылық – Алладан. Асығыстық – шайтаннан», – дейді (имам Байһақи). Осы жерде көмекке әдеп атты асыл дүние келеді. Әдепті мұсылман – қоғамның көркі. Оның амалдарына көрік беретін – әдеп.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахаба Әбу Һұрайраға былай дейді: «Уа, Әбу Һұрайра! Бауырларыңды аракідік зиярат етіп тұр – сүйіспеншіліктерің артады» (Самарқанди).

Сол секілді халқымызда «Темірді тот жейді, адам жанын сағыныш жейді» деген мақалдар бар. Яғни біраз сағындырып барып көрісу, көзге күйік болғаннан абзал. Даналар айтады: «Көңілден кетпейін десең, көзден кетпе, ығыр болмайын десең көзге күйік болма» (Самарқанди).

Дос-жаран – сырлас, тату, рухани жакын адамдар. Пікірі мен мақсаты, арман-мүдесі ортақ, жақсы араласатын, қиын сәттерде бip-біріне қол ұшын берeтiн, туыстық жағынан алыс болса да, ниеттері жақын, сырлас, сыйлас, шынайы қатынастағы адамдар. Қазақы ортада дос – ізгі ниетті тілектес, жанашыр жақын aдамдар дегенді білдіреді.

Хазіретi Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) – алғаш иманға келген жандардың бірі. Ол – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанкешті сахабасы, қиын-қыстау шақтарда қасынан табыла білген шынайы дос. Өзінің шынайылығынан бір сәт айнымаған Әбу Бәкірге Алла елшісімен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге Мәдинаға көшу бақыты бұйырады. Екі достың көшуі оңайға соқпайды. Соңдарынан ерген қаскөйлер мен сахараның шыдатпас ыстығы бұл сапарды қиындата түседі. Сол уақытты сипаттап Хазіреті Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) былай дейді:

«Шіліңгір атап ыстықта, күн тас төбеге көтеріліп шақырайған кезде тамағымыз құрғап қалың шөл қыса бастады. Пайғамбарым (оған Алланың салауаты мен сәлемі балсын) кішіпейілдікпен маған жартылай суға толы торсықты ұсынды. Мен: «Уа, Расулалла! Ең алдымен өзіңіз ішіңіз», – дедім. Сонда Пайғамбарым әрі жан досым менің шөлім қанғанша ішті».

Нағыз достық осындай болса керек. Өзің қатты мұқтаж болған шақта әуелі досыңды ойлау неткен қасиет десеңізші!

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: