28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) сахаба Муаз ибн Жәбәлға айтқан 10 өсиеті

Пайғамбардың (с.ғ.с) сахаба Муаз ибн Жәбәлға айтқан 10 өсиеті

Ислам тарихы

Сахаба Мұғаз ибн Жәбәл былай дейді: 

«Алла елшісі (с.ғ.с) маған он нәрсені өсиет етті:

1) Өлтірілсең де, өртелсең де Аллаға еш нәрсені серік қоспа.

2) Ата-анаңа жамандық жасама. Мал-дүниеңнен шығарып беруіңді айтса, дүниеңнен шығарып бер.  

3) Парыз намазды әдейі қазаға қалдырма. Кім әдейі парыз намазды қаза қылса, шынында Алланың панасы одан алыстайды.

4) Мүлдем ішімдік ішпе. Шынында ішімдік – барлық жамандықтың басы.  

5) Күнәдан ұзақ тұр. Шынында күнә – Алланың ашуын тудырады.

6) Адамдар қырылса да майдан шебінен (соғыс алаңынан) қашушы болма.

7) Адамдарға өлім келсе, бекем бол.

8) Дүниеңнен отбасыңа жұмса (нәпақасын беріп тұр).

9) Тәрбиелеу мақсатында отбасыңа (орнымен) қатал бол.

10) Отбасыңды Алламен қорқыт (яғни, күнә істеген жағдайда Алла Тағаланың қаһары болатынын ескертіп отыр)»[1].

 

[1] Имам Табарани: «әл-Кәбир». №15977, 16051 хадис.

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: