27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тәкәппарлықты жеңудің бір жолы

Тәкәппарлықты жеңудің бір жолы

Ислам тарихы

Ғұлама табиғин Уруа ибн Зубайыр былай деп әңгімелейді.

“Бір күні көшеде халифа Омарды көрдім. Иығында су құйылған мес бар екен. Дереу жанына барып: “Уа, момындардың әміршісі! Халифам! Сізге бұлай жасауға болмайды” дедім.

Омар маған қарап: “Жан жақтан әр түрлі елдің өкілдері келіп бағынатындықтарын білдіруде. Содан көңіліме жел кірді. Тәкаппарлық кірді. Сол тәкаппарлықты сындырмақ болып жасаған әрекетім еді” деген екен.

Құдай Тағала сіз бен бізді тәкаппарлықтан сақтасын! Кішіпейілділіктен айырмасын!

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары»

жинағынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: