26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Риядан құтылудың жолы қандай?

Риядан құтылудың жолы қандай?

Ислам тарихы

Сахаба Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен бір хадисте, ол былай дейді:

«Күндердің бірінде бізге Пайғамбарымыз құтпа оқыды (уағыз айтты). Құтпасында: «Ей, адамдар! Мына ширктен сақтаныңдар (яғни, риядан; рия – кіші ширк). Шынында ол – құмырсқаның жорғалаған жүрісінен де жасырын», - деді. Сонда бір кісі тұрып: «Уә, Расулаллаһ! Егер, ол құмырсқаның жорғалаған жүрісінен де жасырын болса, қалайша біз одан сақтанамыз? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз оған: «(Ол үшін) Былай деп айтыңдар: «Аллаһуммә, иннә нәғузу бикә ән нүшрикә бикә шәй’ән наъләмуһ. Уә нәстағфирукә лимә лә наъләм», - дейді»[1].

Мағынасы: «Уә Құдайым, біле тұра әлдебір нәрсені саған серік қосудан өзің сақта. Білмеген нәрсеміз үшін де кешірім ет!». 

[1] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф – (61) 4252; Ахмад ибн Ханбәл - №19109. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: