Әйгілі ғұлама, табиғин Абдулла ибн Мубаракка біреу келіп былай деп сұраған екен.
- “Кісіге берілген ең жақсы нәрсе не?”
- “Мол ақыл”.
- “Ақыл берілмесе не болмақ?”
- “Онда жақсы мінез керек” .
- “Жақсы мінез бұйырмаса қайтпек керек?”
- “Кеңес сұрап тұратын жанашыр бауыр керек”.
- “Ондай жанашыр жан табылмаса қайтпек керек?”.
- “Олай болса “ләм-мим деп жақ ашпау” керек”.
- “Ондай қасиет бұйырмаса қайтпек керек?”.
- “Жылдам келер өлім керек”.
Кейде шынымен-ақ “үндемеген үйдей бәледен құтылыпты” деген ақиқат қой.
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,
ummet.kz