21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Шарасыздық – дұға жасайтын уақыттың жақындағанын білдіреді

Шарасыздық – дұға жасайтын уақыттың жақындағанын білдіреді

Ислам тарихы

Тақуалығымен танылған Жағфар Садықтың (Алла оны рақымына бөлесін) қолына қызметші құлы су құяды. Алайда қызметшінің қолынан құмған түсіп кетіп, шылапшынға түседі.

Шылапшыннан шашыраған су жүзіне тиеді. Жағфардің жүзінен ашудың ізі байқалып, қызметшіге қарайды. Қызметші: «Уа, мырзам! Алла Тағала Құран Кәрімде жәннатқа кіретін момындардың бір сипаты ретінде: «Ашу-ызаларын тежейтіндер» деп айтқан емес пе?» дейді.

Жағфар: «Сөзің орынды. Ашуымды тежедім» дейді. Қызметші аятты жалғастыра түсіп: «Адамдардың (қателіктерін) ғафу ететіндер» деген де тұсы бар емес пе?» дейді.
Жағфар: «Жақсы айттың. Сені ғафу етіп, кешірдім» дейді. Қызметші аяттың соңғы бөлігін келтіріп: «Һәм Алла қайыр көрсететін пенделерін жақсы көреді» деген тұсын оқиды. Аятқа тоқтаған Жағфар: «Бір Алланың разылығы үшін сені азат еттім. Сен азатсың. Жүре бер!» деген екен. Шарасыздық – Алладан келген ишарат. Ол ишарат дұға жасайтын уақыттың таяғандығын меңзейді.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: