19
Бейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бұл айтылғандардың ішінде сіз барсыз ба?

Бұл айтылғандардың ішінде сіз барсыз ба?

Ислам тарихы

…Кейде адамға садақа беру немесе біреу қарыз сұрап келсе бірнеше мыңды көмек ретінде беру қиынға соғады. Ал сол бірнеше мыңды біржерге барып бір бокал кофе мен дәмді нәрсе алып жеуге өзінен аямайды.

…Кейде он минутын Алланы еске алуға емес, телефон мен телевизорға арнағанды жөн санайды. Алланы көбірек еске алу бізді Оған жақындастыра түсетінін, депрессия мен шаршауға, агрессияға алып келетін техникаға үңілуден әлдеқайда пайдалы екенін біле тұра солай жасаймыз.

…Кейде жұма намазға немесе мешітке баруға «еш уақытым жоқ» дейміз. Ал достарымызбен кезедесіп, бос әңгіме айтуға уақыт таба аламыз.

…Кейде Құранның бір аятын оқуға «уақыт» таппай, есесіне шетелдің киноларын рахаттана тамашалаймыз.

…Қызық, кейде адам телефоннан уағыз, терме тыңдағаннан гөрі көңіл көтерер музыка тыңдағанды жөн көреді.

…Адам күн сайын өлім туралы естиді, жаназаға барады. Алайда өзінің де бір-ақ сәтте көз жұматынын естен шығарады. Жұмақтық болу үшін ешбір нәрсе жасамаса да «Я, Алла, мені де жұмақтық ете гөр!» дейді.

материал Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: