20
Жұма,
Қыркүйек

һижри

Бірінші қарау сенен, екінші қарау шайтаннан

Бірінші қарау сенен, екінші қарау шайтаннан

Ислам тарихы

Сіздер көшеге шыққанда көздеріңізді төмен салыңыздар. Бұл сүннет! Көзіңізді неғұрлым төмен салсаңыз, соғұрлым алатын сыйыңыз да артады.

Назарды төмен салу дегеніміз бір әйелге қарап алып, оның түрі ұнамаса көзіңізді басқа жаққа салып "Астағфирулла" деу емес, бұлай жасау оңай. Бір нәрсеге көзіңіз түсіп кетіп, соған өте қатты қарағыңыз келіп тұрса, міне, сол кезде көзіңізді төмен салыңыз. Имам Ахмадтан жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с) айтқандай сол күні Алла сізге иманның ләззатын сездіріп қояды.

Бауырлар бұны тексергілергіңіз келсе, тексеріңіздер. Нәпсіңіз қарауды қалап тұрғанда қарамаңыз, сонда Алла иманның ләззатын сездіреді. Құран оқуда, дұға етуде, зікір жасауда сізге Алла ләззат беріп қояды. Мен бұлай бірнеше рет жасағанмын әр кезде де иманның ләззатын сезетінмін. Тексеріңздер, Пайғамбардың (с.ғ.с) сөзінің хақ екендігін көресіздер. Тіпті ізгілер өз көздерін сақтағаны соншалықты,оны көрген адамдар соқыр деп ойлайтын.

материал «Нұр үстіне нұр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: