28
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Алла мықтыларды ғана ауыр нәрсеге салады

Алла мықтыларды ғана ауыр нәрсеге салады

Ислам тарихы

Көп ойға салынып өз-өзіңді жей берме. Қанша есік жабық, жол қараңғы болса да Алла Тағаланың әмірі күмәнсіз орындалады.

Сенің міндетің тек қозғалу, алға жылжу, бір орында тоқтап қалмау ғана. Ал мақсатқа қашан жетесің, қалай жетесің ол Алла Тағаланың Өзі ғана білетін дүние. Жақыным, бір нәрсені ұмытпа. Кейбір жауапкершіліктер таңдаудан кейін болады. Алла Өз жолына тазаларды ғана таңдайды.

Біз өз қажеттіліктерімізді атқару үшін қолданған не кірленген нәрселерді пайдаланбаймыз ғой ...! Біз адамдар сондаймыз, ал Алла Тағала өз жолына кім болса соны таңдайды, салады деп ойлайсың ба? Алла Тағала сені өз жолына пайдаланып жатыр екен, онда Ол сенің жүрегіңе, кіршіксіз көңіліңе қарап таңдаған. Осыдан кейін сенің көңіліңде не нәрсе құлазытуы мүмкін?!

Жақыным, күресу өте ауыр. Бірақ мен жақсы білетін нәрсе «Алла  мықтыларды ғана ауыр нәрсеге салады».

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: