21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнделікті 100 сүннет: Ұйқыға қатысты сүннеттер

Күнделікті 100 сүннет: Ұйқыға қатысты сүннеттер

Ислам тарихы

Түн – көптеген күнәлар мен азғырулардың уақыты. Сондықтан, түнде шайтанның түрлі алдауларынан сақтану керек. Ұйқы – сақтанудың бір амалы. Біздің заманымыздағы бүкіл адамзаттың ортақ дерті – теледидар бағдарламаларын көру. Көптеген үйлерде түнде теледидар қарайды.

Әрине, діндар жанұяда үйде теледидардың болуы да мүмкін емес. Бірақ егер (дінді ұстанатын) бала дінді ұстанбайтын ата-анасының үйінде тұрса және өз үйін бұл пәледен ешқандай жолмен құтқара алмаса, онда ол ең алдымен өзін қорғауы керек. Себебі, телебағдарламалардың зияны өте мол, нақтырақ айтсақ, теледидар қарау – уақытымызды жейді. Егер біз ұйқыға кетудің түрлі сүннеттеріне ой жүгіртсек, олардың бізді уақытты босқа кетіруден сақтайтынын көреміз.

Құптан (иша) намазынан кейін бірден ұйықтау – сүннет. Фиқһ кітаптарында құптан намазынан кейін дінге қатысы жоқ тақырыптарда әңгімелесу мен пікір алмасудың – ұнамсыз екені айтылады. Бірақ қонақпен әңгімелесуге болады.

Дәретпен ұйықтау.

Жатар алдында мисуак қолдану.

Бұл – күнделікті орындалатын сүннеттердің бірі, оны мұсылмандардың көпшілігі біледі. Бірақ орындайтындары аз. Фиқһ кітаптарында жатар алдында тіс пастасымен тіс тазалағанды – ниеті дұрыс болса – осы сүннетті орындаған деп санауға болады.

Күндіз киілетін киімнен бөлек киіммен ұйықтау.

Оң жақпен ұйықтау.

Бетті құбыла жаққа қарату.

Ұйықтар алдында «әл-Мулк» сүресін оқу.

Ұйықтар алдында «Аятул-Курси» оқу.

Келесі дұғаны оқу:

 «Аллаһумма қинни азәбәкә йәумә тәб’асу ‘ибәдәк».

Аудармасы: «Уа, Алла, құлдарыңды қайта тірілтетін Күні мені азабыңнан сақтай гөр!

материал «Күнделікті 100 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: