30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шамаң келсе, Аллаға жүгіріп жақында...

Шамаң келсе, Аллаға жүгіріп жақында...

Ислам тарихы

«Аллаға қалай барамын?» деп сұрайсың. Қандай хәлде, қандай жағдайда болсаң да, Оған қарай жақындауыңды тоқтатпа.

Шамаң келсе, жүгіріп жақында. Оған шамаң жетпесе, жүріп көр. Оған да әлің келмесе, еңбекте. Ең болмағанда тұрған орныңнан кері шегінбе. Алладан алыстатып жіберетін жолға түспе. Аллаға апарар жолда тұрудың өзі Оған жақындау боп саналады.

Неге екенін білмеймін, қазір есіме Амр ибн Жумухтың оқиғасы түсіп кетті. Оны бала-шағасы ақсақтығы себепті соғысқа жібермей қойғанда Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп шағымданады да:

- Осы ақсақтығыммен жәннатқа кіретін болдым-ау... Уа, Алла Елшісі! Алла жолында күрессем, жәннатта мына аяқтарым сауға айнала ма? - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Иә, - деп жауап береді.

Кейіннен ұрыста шейіт болған оның денесін көрген Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Мен сені бүп-бүтін аяқтарыңмен жәннатта жүргеніңді көріп тұрмын!, - дейді.

Ал сен әлі күнге дейін «Неге көңілім құлазиды?» дей бересің. Он екі мүшең түгел, сау емес пе? Кірлеп кеткен көңілмен, жабырқаған жүрекпен Аллаға қалай жақындамақсың?

Қателессең, тәубе ет. Истиғфар айт! Жағдай шашыратып жіберсе, тез арада өзіңді жинап ал! Көз жасыңды сүрт! Өзіңнен жағдайы нашар, хәлі төмендерге сүйеніш бол! Адамдардың көңіліне қуаныш сыйла! Жүрегі жараланғанның жарасын жақсы сөзбен таң! Алланың құлдарына қызмет қыл…

материал Аслан Орақбайдың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: