30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қара зереден (үй жағдайында) дайындалатын емдік рецептер

Қара зереден (үй жағдайында) дайындалатын емдік рецептер

Ислам тарихы

Қара зере – Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде ең көп кездесетін емдік құрал. Расында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қара зерені барлық ауруларға қарсы қолдануға өсиет еткен. Хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында қара зереде самнан басқасының бәріне ем табылады» дегені айтылды, сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, «сам» деген не?» деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «өлім», деп жауап берді. 

Аллергия. Таңертең және кешке 1 шай қасық қара зере майын қабылдаңыз. Сонымен қоса ауырған жерді сүртсеңіз болады. Тонзиллит және ангина 10 грамм (2 шай қасық) қара зере тұқымын 1,5 л суға қайнатып, фильтрден өткізу керек. Осымен күніне 2 рет, 5-7 күн тамақты шаю керек. Ұйқысыздық 1 ас қасық қара зере майын мед араластырылған 1 стакан ыстық сүтке қосып, ұйықтар алдын ішіңіз. Сонымен қоса Алланы еске алып, "Аятуль Курсиді" оқып жатыңыз.

Артрит, ревматизм, бұлшықет аурулары. Зәйтүн майымен араласқан қара зере (тмин) майын жылытып, ауырған жерге жағыңыз. Сондай-ақ, жатар алдында бал қосып, қайнатылған қара зереден жасалған сусын ішіңіз.

Бильгарциоз (паразиттік құрттар тудыратын зәр шығару жолдары мен ішек аурулары). 1 ас қасық қара зере тұқымын (семена) таңертең және кешке қабылдаңыз. Көз аурулары Ұйықтар алдын көздің жан-жағына, үстіңгі қабақтың (веки) сыртына қара зере майын жағыңыз. Кез келген сусынға немесе сәбіз шырынына қара зере майының бірнеше тамшысын тамызып, ішіңіз.

Өт қабының аурулары. Бір стакан қайнатылған ива жапырақтарына 5 тамшы қара зере майын қосыңыз. Бір апта бойы қабылдаңыз. Бауыр аурулары Көптеген бауыр аурулары үшін: бір кесе балға 1 шай қасық қара зере майы мен 1 қасық ұнтақталған емен қабығын қосыңыз. Осы порцияны бір ай бойы үзіліссіз күн сайын аш қарынға қабылдаңыз. Бауырдың қабынуы үшін: бір стакан қайнатылған ива жапырақтарына 5 тамшы қара зере майын қосыңыз. Бір апта бойы қабылдаңыз.

Кеудедегі ауырсыну және суық тию. Қайнаған суға 1 ас қасық қара зере тұқымын (семена) немесе қара зере майының бірнеше тамшысын қосыңыз. Буына дем алыңыз (ингаляция).

Бүйрек қабынуы. Ұнтақталған қара зерені зәйтун майына араластырып, қою (кашеобразный) қоспаны дайындаңыз. Ауырсынған жерге жағыңыз. Осы еммен қатар 1 апта бойы 1 ас қасық қара зере тұқымын (семена) аш қарынға қабылдаңыз.

Қызыл иек (десна) және тіс қабынулары. Ұнтақталған қара зерені жақсылап қайнатып, алманың ішіне салыңыз. Сағыз секілді пайдаланыңыз.

Мұрын жолдарындағы қабыну процесі. Бір стакан қара зере тұқымын, 1 литр қайнаған суды және сүлгіні (полотенце) алыңыз. Қайнаған суға қара зере дәндерін қосып, араластырып, бір минут қайнатыңыз, содан кейін оттан алыңыз. Науқас басын сүлгімен жауып, осы қоспаның буларымен дем алуы керек. Қандағы холестериннің жоғары болуы 1 ас қасық ұнтақталған қара зере тұқымын және 1 ас қасық мыңжапырақ (тысячелистник) 1 кесе балға араластырыңыз. Таңертең аш қарынға пайдаланыңыз.

Жалқаулық (лень). 10 тамшы қара зере майын 1 стакан апельсин шырынына араластырып, 10 күн бойы ұйқыдан тұрған соң бірден ішу керек. таң намазынан кейін ұйықтамауға тырысу керек. Бас аурулары кезінде 1 ас қасық ұнтақталған қара зере, 1 ас қасық ұнтақталған анис дәні, 1 ас қасық ұнтақталған қалампыр алыңыз. Тамақтанар алдын 1 шай қасықтан қабылдау керек. Осы қоспаны жұтуға оңай болғанша ауызда ұстап тұрып, кейін жұтыңыз. Сумен ішпеңіз!

Асқазан ойық жарасы. 10 тамшы қара зере майын 1 кесе балмен араластырыңыз. Осы қоспаны күнсайын таңертен аш қарынға 1 ас қасықтан жеу керек. Содан кейін 1 стакан сүт ішіңіз. Осы емді үзбей 2 ай жалғастыру керек.

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін. Жалбызды қайнатып, балмен және 7 тамшы қара зеремен араластырыңыз. Кез-келген уақытта ыстықтай ішу керек. сондай-ақ кофе және шай ішуді тоқтату керек.

Диарея. 1 ас қасық қара зере майын 1 кесе йогуртқа араластырыңыз. (қолданғалы жатқан йогуртыңыздың халалдығына көз жеткізіңіз). Осы қоспаны күніне 2 рет, 3 күн бойы қолдану керек. Тері аурулары Ішке - 1,5 шай қасық қара зерені күніне 2-3 рет қабылдау керек. 1,5 шай қасық қара зере майын 1 ас қасық зәйтун майына араластырыңыз. дайын қоспаны бетіңізге жағыңыз. 1 сағат өткен соң умывалкамен жуыңыз.

Құрттар (глисты). 1 ас қасық қара зере, 3 бас сарымсақ (чеснок), 1 ас қасық зәйтун майын, аздап бұрыш және 10 асқабақ дәнін алып, араластырыңыз. Нанға бутерброд ретінде жағып, 1 шай қасық кастор майы қосылған аскөк (укроп) қайнатпасымен таңертең ішіңіз. 1 ас қасық қара зере тұқымын 1 стакан суға араластырып таңертең ашқарынға және кешке ішіңіз. Осы процедураны құрттар (глисты) шыққанша қайталай беріңіз.

Бас айналу. Қара зере майымен самай және бастың артқы жағына (желке тұсы) жағыңыз.

Барлық аурудан қорған (иммунитетті көтеру үшін). 1 шай қасық қара зере майын және балды әр күні таңертең қабылдаңыз. Алланың қалауымен өмір бойы дәрігерге бармайсыз Жалпы әлсіздік Ұнтақталған қара зере, хельба және 1 шай қасық қайнатылған имбирьді балмен араластырып, әркүні кезкелген уақытта тосап (варенье) ретінде пайдалансаңыз болады.

Тәбеттің төмендеуі. Тамақтанудан біраз уақыт бұрын 1 шай қасық қара зере тұқымын (семена) жақсылақ шайнаңыз сосын салқын сумен ішіңіз. Тұмау (грипп) Тминнің тұнбасын зәйтун майымен араластырыңыз. Мұрынға күніне 3-4 рет тамызыңыз.

Дене қызуы көтерілуі. 7 тамшы қара зере майын 1 стакан қайнатылған жалбыз, анис немесе кориандрға қосып, тамақтан кейін бір апта бойы (күніне 3 рет) қабылдаңыз. Сондай-ақ ұйықтар алдын қара зере майымен денеңізді сүртіп алсаңыз болады.

Жыныстық әлсіздік. Ұнтақталған қара зерені зәйтун майына және хош иісті ладанға араластырып, 1 шай қасықтан қабылдап тұрыңыз. Қара зере майын белдің төменгі жағына жағып, уқалап, шап аймағын (паховая область) сүртіңіз. 1 шай қасық бал, 1 шай қасық қара зере тұнбасын (отвар) және 1 шай қасық түймедақ (ромашка) тұнбасын 1 стакан жылы суға араластырып, кез келген уақытта қабылдаңыз.

Асқазан қыжылы (изжога). Бір стакан ыстық сүтке бірнеше тамшы қара зере майын қосып, бал немесе қантпен тәттілендіріңіз. Осыдан кейін, Алланың қалауымен, ешқашан болмағандай асқазан қыжылы тоқтайды.

материал «Қара зере қосылған рецептер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: