02
Сенбі,
Қараша

һижри

Күнделікті 100 сүннет: Үйге кірудің сүннеттері

Күнделікті 100 сүннет: Үйге кірудің сүннеттері

Ислам тарихы

Біздің дінімізде отбасының мәні ерекше. Мұсылман халықтарында отбасы ең жоғары орынға ие деуге болады. Ал, отбасының символы – адамның өзі тұратын үйі. Бұл тарауда біз үйге кірерде және үйден шығарда орындалатын кейбір сүннеттерді атап өтеміз.

Үйден шығар алдында оқылатын дұға:

«Бисмилләһ тәуәккәлту `аләллаһ уә лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ».

Аудармасы: «Алланың атымен, Аллаға тәуекел етемін, Алладан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ»

Үйге кірген кезде оқылатын дұға:

«Бисмилләһ уәләджнә уә бисмилләһи хараджнә уә алә раббинә тәуәккәлнә».

Аудармасы: «Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық және Раббымызға тәуекел етеміз».

Үйдегі адамдармен: «Әссәләму аләйкум» деп амандасқан жөн. Ислам әдебі мен оның рухын сақтау жеңіл болу үшін отбасындағы қарым-қатынасты жүйелеу өте маңызды. Көбінесе отбасылық қарым-қатынас тым еркін болып кетіп, кейбір исламдық әдептер тек қонақтардың алдында орындалатын рәсім ретінде қабылдана бастайды. Бұған жол бермеу үшін күнделікті өмірде ислам нормалары мен әдептерін мұқият орындау керек.

Өз үйіңіз болса да жөтел, сәлемдесу, есікті қағу және т.б. сол сияқты белгілермен үйге келгеніңізді білдіру керек. Себебі, әйеліңіз сізге ұнамсыз болатын күйде болса, тез арада өзін қалыпқа келтіріп алу керек.

материал «Күнделікті 100 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: