Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Жеті нәрсе келер алдын ізгі амалға асығыңдар! Бәрін ұмыттырушы пақырлықты, әлде шектен тыс кетуші байлықты, әлде бұзғыншы ауруды, әлде қаусаған кәрілікті, әлде кенеттен келер өлімді, әлде күтетіндердің ең нашары болған Дәжжалды, әлде Қиямет күнін күтіп жүрмісіңдер?! Ал Қиямет — қорқынышты әрі жанға өте ащы» (Сунан Тирмизи).
Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай: «Бүгінің – бәстесу, ертеңің – бәйге, мәресі – жәннат, ал ұтылушы – тозаққа кірген адам».
Абдулла ибн Укәйим мынадай бір оқиға жеткізеді: «Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын!) бізге былай деп құтба оқыды: «Мен сендерге тақуалықты өсиет қыламын. Ажалдарың сендерді ең жаман амалдарыңмен онаша қалдырар алдын бос уақыттарыңды пайдаланып үлгеріңдер. Расында, өздерін ұмытып өз ғұмырын өзгелерге арнағандар бар. Сендер олар секілді болмаңдар. Өздеріңді азаптан құтқаруға асығыңдар. Шындығында, сендердің арттарыңнан қадамы тез, талабы ауыр [өлім] келеді» (Мусаннаф).
материал «Ғұмырлы сақтау» кітабынан алынды,
ummet.kz