Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына:
- Алла Тағала жаратылысты жаратып болған соң Аршының үстіндегі кітапқа «рахметім ашуымнан басым» деп жазды, - дейді. Алла Тағала неткен мейірімді! Алла неткен ұлы! Күнә істесек жасырады, дұрыс құлшылық етпесек те бізді рызықтандыра береді. Шүкір ете алмасақ та нығметін еселей береді. Ұзақтап кетсек уақыт береді, тәубе етіп қайтып келсек қабыл етеді. Алла Тағаланың жұмсақтығын үміт етеміз, мейіріміне сүйенеміз, рахметін дәметеміз.
Бірде бір бәдәуи Абдулла ибн Аббастан:
- Қияметте бізді кім сұраққа алады?, - сұрайды.
- Алла Тағала!, - дейді ибн Аббас.
- Онда құтылыппыз ғой!
- Не үшін?!
- Бізді дүниеде ұмытпаған жомарт Алла Тағала ақыретте ұмыта ма?!, - дейді бәдәуи.
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz