30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранда аталған уақыт түрлері

Құранда аталған уақыт түрлері

Ислам тарихы

Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты».

Осылайша сипаты мен ұзақтығында өте үлкен айырмашылық болса да, Алланың құзырында да «иләһи күннің» бар екендігіне назарымызды аударуда. Иләһи күннің бар екендігінің нақты айтылуы «иләһи жыл» және «иләһи күнтізбе» де болатындығын ұғындырып тұрғандай.

Құрандағы бұл ишара бізге күнтізбе мәселесінің маңыздылығын түсінуге септігін тигізбек. Ол жайында аяттар көптеп кездеседі және анық жазылған. Жоғарыда да атап өткендей, өткен дәуірлерді білдіретін «қарн», «қурун» (ғасыр, ғасырлар) сөздері 20 жерде кездесуімен қатар, 21 жерде «ай» (шәһр) сөзі, 30 жерде «жыл» сөзі (сәнә, ам, хижәж және хауләйн сөздері арқылы) өтеді. Төмендегі аятта бір жылда 12 айдың болатындығы айтылып, қамари (ай бойынша) жыл санауы негізге алыну қажеттілігі ескертілуде: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар» («Тәубе», 36).

Ал мына бір аятта күнтізбеде қамари санауды қолдану керектігімізді нақты бұйыруда: «(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Сұраушыларға: «Олар адамдарға уақытты, сондай-ақ қажылықтың уақытын көрсетеді», – деп айт» («Бақара» сүресі, 189-аят).

материал «Тайм-менеджмент» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: