30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ібілістің үлкен әскерлері – «ертең»

Ібілістің үлкен әскерлері – «ертең»

Ислам тарихы

Бұл өмірдің жәннаттағы мәңгілік тұраққа апарар қысқа ғана жол екенін түсінген адам өз уақытын текке құртпайды. Ал ғұмыр туралы ілімі аз, ақыреттік жазалардан иманы әлсіз адамның уайымы болмайды. Себебі, ондай адам мәңгілік рахатын өткінші өтірікке айырбастаған, Құдай құзырындағы дәрежесінің төмендігіне қарамастан, құр соқыр сенімнің жемісін қанағат тұтқан.

Уақытты бос өткізудің бір себебі — ұзақ үміт. Сөйтіп, адам өзін «ертең амал етемін» деп алдайды. Әли ибн Абу Талибтен (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта ол былай дейді: «Ұзақ үміт ақыретті ұмыттырады».

Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) айтты: «Таң атса, өзіңе келер кеш туралы айтпа. Кеш батса, келер таң туралы айтпа».

Хасан әл-Басри айтты: «Пенденің үміті ұзарған сайын амалы қысқара береді».

Мухаммад ибн Әби Тәуба былай дейді: «Мағруф әл-Кәрһимен намаз оқуға тұрдық. Ол маған имамдыққа шығуымды сұрады. Мен:

- Осы намаздан кейін келесі намазда имам болмаймын - деп айттым. Сонда әл-Кәрһи айтты:

- Сен келесі намазға жететініңе сенімді түрде айтып тұрмысың?

Алла бізді ұзақ амалдан сақтасын. Расында, ол ізгіліктен тосады».

Бізге жеткен риуаятта: Ібілістің үлкен әскерлері – «ертең». Кейбір ғалымдар «ертең» деген сөзден сақтану керектігін ескертеді. Бірнеше ғұлама қабірстанға келіп, былай деген: «Алладан басқа Тәңір жоқ! Бұл жерде жатқандардың өтелмей қалған қажеттіліктері бар. Алайда олар «кейін жасаймын» деген еді».

материал «Ескертуші» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: