21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәріханада сатылмайтын «өзге» дәрілер

Дәріханада сатылмайтын «өзге» дәрілер

Ислам тарихы

Барлық дәрі дәріханада сатылмайды. Онда сатылмайтын дәрілер де бар.  

Кейбіреулер бар олармен бір сәт отырып ойға шомсаң бойыңдағы бар аурудан айығасың.

Кейбір қолдар бар оны ұстаған кезде жан тыныштығы жаныңа орнайды.

Кейбір құшақтар бар басыңды қойып, жылынып алғанда патша өз сарайында өзін комфортты сезінгендей ғажайып күй сезесің.

Қарындасым, кейде жер бетінде ыстық құшақтан басқа тыныш жер жоқтай сезіліп кетеді. Тіпті, кейбір құшақтар жан-дүниеңе жаңа өмір сыйлайды. Кішкентай қызын құшағына алып, иіскеп мауқын басқан әкедей тура бір сағынған адамыңды құшақтап, өзің іздеп жүрген иісті тауып, жоғалтқан нәрсеңе қол жеткізгендей боласың.

Кейбір қолдар бар, басыңнан сипап, қасыған кезде тыныштандыратын дәріден де гөрі эффекті көбірек болады.

Кейбіреулер бар, шашынан иіскеген кезіңде суға батып бара жатып ешкім құтқармайды ғой дегенге толық көзің жеткенде ағыстан біреу суырып алғандай терең тыныс алып, көңілің жайланады.

Кейбір күлкілер бар жан-дүниеңе рахат сыйлайды. Ол жүздерге күлкі жүгіріп, езуінде тырнақша тәрізді не жаңа ай сияқты жымию пайда болғанда кеудеңді басып тұрған бүткіл ауыртпалық сейіліп, жоғалып кетеді.

Қарындасым, айттым ғой, барлық дәрі дәріханада сатыла бермейді ...

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: