08
Сейсенбі,
Қазан

һижри

Қателігің қайталанып жатса, онда сен салиқалысың

Қателігің қайталанып жатса, онда сен салиқалысың

Ислам тарихы

Неге екенін, мен сенің даусыңнан бір сыныңқылықты, көзіңнен бір мұңды байқап тұрмын? Сен өзіңді салиқалымын деп есептемейсің бе?

 Өйткені, өзің құтыла алмай жүрген күнә-қателігің бар болғандықтан ба?

 Тәубе етсеңде қайта соған кіріптар боп жатсың ба?

 Салиқалылардың күнә-қателігі жоқ деп саған кім айтты?

 Олар өз-өздерімен күреспейді деп ойлап жүрсің бе? Олар бірде өздерімен күрессе, бірде шайтанмен күреседі. Бірде жеңіске жетсе, бірде жеңіледі. Әрбір салиқалы сондай, қызым. Бірақ, Алла оларға деген махаббаты себепті олардың қателіктерін жасырады.

 Жақыным! Раббыңның мына сөзін: «Біз үшін күрескендерді Өз жолымызға саламыз...» оқышы. Алла үшін күресу тек қылыш пен қалқаннан ғана тұрады деп ойлайсың ба? Жүрегіңнің тазалығын сақтау үшін күресуіңде Алла үшін күрес боп санлады.

Алла саған күнәңмен күрескенің үшін, одан кейін оны жасағаныңа өкінгенің үшін, жығылып қайта тұрғаның үшін, қателіктен кейін истиғфәр айтқаның үшін сауап жазады. Осының бәрі Алла үшін күрестің санатына жатады. Алла әрбір адасқан сайын сені Өзі тура жолға бағыттайды. Ол Алланың уәдесі. Алладан артық уәдесіне берік ешкім жоқ.

Қызым, барлық адам күнә-қателікке ұрынады. Салиқалы да, қателікке ұрынған да бір деңгейде. Бірақ, салиқалы өз айыбын әшкерелемейді, жасырады. Тез тәубеге келеді. Қателігіне сүңгіп кетпейді. Қателігін мойындайды, өзін ақтамайды. Қателіктен кейін өкіну, күнәдан кейін жылау, истиғфәр айту салиқалылық белгісі. Қателігің қайталанып жатыр ма, онда сен салиқалысың. Алладан ұзақтап бара жатқаныңды сезінесің бе, онда сен салиқалысың...

материал «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: