10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Телефон шырылдаған сайын жауап берудің қажеті жоқ

Телефон шырылдаған сайын жауап берудің қажеті жоқ

Ислам тарихы

Телефоның басқаларға емес, сенің өміріңді жайлы етуге арналған. Бірақ біз телефон шырылдаған сайын өрт дабылына ұмтылған өрт сөндірушідей тұра жүгіреміз. Телефон қоңырауы тағдырымызды шешетіндей, хабарласқанның бәріне жауап береміз.

Отбасымен ішіп отырған асын тастап, оқып отырған қызық кітабын қойып, медитациясын тоқтатып, телефон қоңырауларына жауап беретін талай адамды көргем. Сол қоңыраулардың талайына кейін жауап берсе де болатынына күмәнім жоқ.

Дыбыстық хабарламалар керемет болмаса да, қазіргі замандағы жақсы шешім. Ол жұмысыңмен айналысып, өзіңе қолайлы уақытта қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік береді. Енді телефон даусы кедергі болмайды және уақытыңды маңыздырақ істерге жұмсай аласың.

Шырылдаған сайын қоңырауға жауап беру әдетінен арылу оңай емес, оны мен өз тәжірибемнен жақсы білемін. Телефонға кім қоңырау шалып жатқанын білу үшін жүгіріп бару оңай. Кейде қоңырауға жауап беру – өзің қаламайтын іспен айналысуды тоқтатудың бір жолы. Мынаған жауап берші: егер сен телефон шырылдап жатқанда оған алаңдамай, кітап оқу, серігіңмен әңгімелесу немесе балаларыңмен ойнау сияқты ісіңді жалғастыра алатын болсаң, неліктен бұрын алғашқы қоңырауға жауап беруге асығатын едің?

материал «Сен өлгенде кім жылайды?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: