19
Сенбі,
Қазан

һижри

Сыртынан қарасаң – сауапты іс, ішіне үңілсең – парыз

Сыртынан қарасаң – сауапты іс, ішіне үңілсең – парыз

Ислам тарихы

Сахаба Османның (Алла оған разы болсын) өсиеттерінен үзінді.

Төрт іс бар. Оларды сыртқы жағы "сауапты іс" болып көрінеді. Ал ішкі жағына үңілсең "парыз" болып көрінеді. Олар:
1. Жақсы адамдармен аралас-құралас болу сауапты іс. Ал олардан үлгі алу – парыз.
2. Құран оқу сауапты іс. Ал оның үкімдерімен амал ету – парыз.
3. Қабір зияраты сауапты іс. Ал (марқұмдардың қабірлеріне қарап, ғибрат алып) өлімге дайындалу – парыз.
4. Ауырған кісінің көңілін сұрап шығу сауапты іс. Ал одан өсиет алып қалу – парыз.

материал Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: