21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұстазыңның ілімінен бұрын әдебін ал

Ұстазыңның ілімінен бұрын әдебін ал

Ислам тарихы

«Жүрек туралы хадистер» дәрістерімізді түсіріп жатқанбыз. Сол сәтте үлкен ғұлама-ғалым Шейх Нуриддин Итр секілді алып ғалымдардан сабақ алған Шейх Махмуд Мысри (Алла ол кісілерден разы болсын) келіп, қарама-қарсы орынға отырды.

Қысылғанымнан түсірілімді тоқтатып, сол кісілермен амандасуға жандарына бардым. Сәлемдесіп сабақ түсіріп жатқанымды айтқан едім, ол кісі бірден: “неге тоқтаттың? Қап, біз білмедік қой сенің дәріс түсіріп жатқаныңды. Білгенімізде бұл жерге отырмас едік” деп кішіпейілділік танытты. Ол ол ма, артынша өзі тұрып бізге екі сусын әкеліп берді. Ұялғанымнан кірер тесік таппай кеттім. Үлкен ұстаздығымен біз сияқты шәкіртке осындай мәміле жасауы қарапайымдылықтың нағыз көрінісі. Жүректің тазалығы. Нәпсінің кемелділігі… ⠀

Бұл секілді көріністі Шамдық ғалымдардан көп байқадым. Шынайы ғалым кішіпейіл болады. Бұл кісілер нәпсілерін құрықтаған ғалымдар. Тек қана сөздің емес, амалдың да адамдары. “Ілімінен бұрын әдебін ал” деген осы шығар. Алла барша ғалымдарға разы болсын. Бізге ғалымдардың қадірін түсінуімізді нәсіп етсін.

материал Олжас Ханафиннің жазбаларынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: