21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Жәннаттағы үйлер зікір арқылы құрылады

Жәннаттағы үйлер зікір арқылы құрылады

Ислам тарихы

Мұсылман болу үшін «Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммадун расулуллаһ» деген сөзді айту керек. Бұл – Алланы еске алудың ең жақсы мысалы.

Қалған барлық ғибадаттар Алланы еске алуды арттыруға арналған. Алланың сені еске алуы – сенің Оны еске алуыңның нәтижесі. Сол себепті Алла Тағала: «Ендеше, сендер Мені әрдайым еске алыңдар (яғни әрдайым құлшылық етіп, еске алыңдар), сонда Мен де сендерді ескеремін(2:152)» дейді.

Алланы әрдайым еске алу керек. Себебі адам өзін осылайша құтқармақ. Алла Тағала: «Алланы ауыздарыңнан тастамай, көп еске алындар, сонда (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұраттарыңа жетерсіңдер(8:45)» дейді.

Құтылу үмітінің кілті – аз емес, көп еске алу, аз жағдайда емес, көп жағдайларда еске алу. Құранда осыған қатысты Раббымыз: «Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы еске алады(3:191)». Бұл аят түрегеп тұрғанда, отырғанда және жатқанда Алланы еш ұмытпаған адамдарды мақтайды.

Ибн Қаюм (Алла одан разы болсын): «Жәннаттағы үйлер зікір арқылы құрылады. Егер кімде-кім зікірді тоқтатса, періштелер оның үйін құруды тоқтатады», - деді.

материал «Ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: