19
Сенбі,
Қазан

һижри

Іліммен шұғылдану – нәпіл амалдардан артық

Іліммен шұғылдану – нәпіл амалдардан артық

Ислам тарихы

Егер дәрісіңді қайталап болсаң, сегіз ракағат духа намазын оқып ал. Кейіннен барып жазғаныңды қайталаумен, жазумен шұғылдан.

Екінті намазынан соң, Ақшамға дейін қайтадан дәрісіңе кіріс. Ақшам намазынан кейін екі бас намаз оқы. Кешкі Құптан намазыңды оқып алған болсаң, дәрісіңе қайт. Сосын оң жақ шетіңмен жат.

Отыз үш рет Субханаллла, отыз үш рет Әлхамдуллила, отыз төрт рет Аллаһу акбар деп айт, Аллаһым ертең құлдарыңды жинаған күні мені азабыңнан сақта деп дұға жаса. Егер ұйқыңнан оянып, көзіңді ашсаң, біл, денең өзіне қажетті бөлігін алды.

Тұрып, дәретіңді алып, шамаң жеткенше түнгі намазды оқы. Жеңіл екі ракағат намазбен баста, одан әрі екі пара Құран мен екі ракағат намаз оқуға тырыс. Кейіннен дәріске қайт, шын мінінде іліммен шұғылдану – кез-келген нәпіл құлшылықтан артық. Молданың қосары: әрине, бұл айтылған заттардың нұсқаулықтарын әркім өзіне ыңғайлы етіп қабылдағаны орынды. Негізгі мақсат – күнделікті атқаратын жұмыстарыңды реттей алуың...

материал «Балама насихат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: