22
Сейсенбі,
Қазан

һижри

Әйел – үнемі тәрбие мектебін қажет ететін жаратылыс

Әйел – үнемі тәрбие мектебін қажет ететін жаратылыс

Ислам тарихы

Ер адамның діндарлығы ұрыс-керіс кезінде өзін ұстап, ашуға жеңілмеуімен ғана байланысты емес. Ердің тақуалығы әйелінің тәрбиесіне де тікелей қатысы бар.

Егер ері діндар, тәрбиелі болса, әйелдің де адамдық ары биік болмақ. Әйел адам – үнемі тәрбие мектебін қажет ететін жаратылыс. Қыз бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның тәрбиесі мен қоғамның және болашақ жарының алдындағы жауапкершілік, ата-ананың мойнына жүктеледі. Яғни туылғаннан бастап ұзатылғанға дейін үнемі тәрбие инстиутында болады. Егер қызды жас кезінен еркіне қоя берер болса, қисық өсіп, буыны әбден қатайған ағаш тәрізді түзеуге келмейтін хәлге жетеді. Қисық өскен ағаштың көлеңкесі қисық, көзге сұрықсыз болып көрінгендей, дұрыс тәрбиеден ауытқыған қыздың да қоғамға және болашақ жарына берері болмайды.

Міне, сондықтан да қыздың ұзатылғанға дейінгі тәрбиесі өте маңызды. Бұл тәрбие осы жолдан бітпейді. Ақ босағаны аттаған қыздың ендігі тәрбиесі өмірлік жарына аманат етіп тапсырылады. Егер ерінің санасы шариғатпен шыңдалмай, тәрбиеде осал болса, уақыт өте келе бұл мінез жұбайына да өтеді. Себебі көбіне әйел адам күйеуінің дінінде болады…

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: