27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Шүкірді терең түсінудің хикметі

Шүкірді терең түсінудің хикметі

Ислам тарихы

Әбу Хазимге (Алла оны рахымына алсын) бірде былай деп сұрақ қойылады:

– Ей, Әбу Хазим! Екі көздің шүкірі не?
– Екі көздің шүкірі – көрген жақсылығыңды айтып, жамандығыңды жасыру.
– Екі құлақтың шүкірі не?
– Екі құлақтың шүкірі – жақсылықты естіп, одан жақсы ой түюің, жамандықты естіп, одан барынша алыстауың.
– Екі қолдың шүкірі не?
– Екі қолдың шүкірі – ол екеуіне тиесілі болмағанды тәрк етіп, ол екеуіне тиесілі болғанды ғана алу.
– Көкіректің шүкірі не?
– Көкіректің шүкірі – асты тамаққа, үсті білімге толу.

Кімде-кім тек тілімен шүкір қылып, басқа дене мүшесімен шүкір етпесе, киімнің тек бір шетін ғана кигенмен тең. Ондай адам бұл ісімен ыстыққа да, салқынға да төтеп бере алмас..», – деп, терең ойлы сөздермен жауап берді.

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: