31
Бейсенбі,
Қазан

һижри

«Процентке» қарыз беруге бола ма?

«Процентке» қарыз беруге бола ма?

Ислам тарихы

Біреуге қарызға ақша беріп, соған сыйақы алу қаншалықты дұрыс? Мысалы, жүз мың теңге қарыз ақша беріп, соған сыйақы алу қаншалықты дұрыс? Мысалы, жүз мың қарызға берем, орнына он пайыз, яғни, он мың теңге қосып бересің десе, қалай болады, әлде пройентке ақша берген болып санала ма?

Пайызға қарыз беру – Ислам шариғатында «өсім жеу» болып табылатындықтан, өте ауыр күнә. Жаратушы Құдай Тағала пайызға қарыз берушілікті «риба» деп атап, олай істеуді «Аллаға және Оның пайғамбарына соғыш ашу» деп, қатаң тыйым салған1. Өйткені, процентке қарыз беру, бір жағынан – кісі ақысын жеу болса, екіншіден – мұқтаж адамның есебінен пайда көру болып табылады. Қарызын өтей алмаса, пайызын өсіретіндер бар. Бұл нағыз қанаушылық. 

Исламда қарыз беру жоқ па? Исламда қарыз беру бар. Дінімізде қарыз беру үлкен сауап болып есептеледі, бірақ Исламда қарызды үстеме пайызсыз, яғни, процентсіз, құр жәрдем ретінде беру керек2. Егеряки қарыз алушы алған қарызын уақытында төлей алмай жатса, оған қарызын өтей алғанға дейін мәулет берген сауапты. 

Демек, Ислам дінінде процентке қарыз беру өте ауыр күнә екен, ақыреттік жазасы ауыр, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сөзімен айтқанда: ақыреттік жазасы – отыз алты зинашы әйелдің жазасына тең»3.

Осы тұрғыда мынадай сауал ойға оралады: Егер қарыз алушы өз ыхтиярымен, қарызын қайтарарда қосып берсе, ол да күнә ма? Ол күнә емес. Егер баста ондай талап қойылмай, қайтарар кезде қарыз алушы өз ықтиярымен артығымен қайтарып жатса, ол адал, оған рұқсат бар.

 

1  Құран Кәрім, «Бақара» сүресі, 278, 279 аяттар.
2  «Кім Аллаға көркем қарыз берсе, сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді де. Түбінде сөзсіз Оған қайтарыласыңдар». «Бақара» сүресі, 245 аят.
3  Имам Ахмед: «Мүснәд». Сахих Хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

 

 

Бөлісу: