Бірде Имам Әбу Хазимге:
“Уа, Әбу Хазим! Сенің басты капиталың не нәрсе?” деп сұрақ қойылды.
Сол кезде ол: «Менің басты капиталым – Аллаға деген сенім және адамдарға мұқтаж болмау" деді.
Бұрынғы ізгілеріміз басқаға қол жаюды қорлық деп білген. Сол себепті тек Аллаға ғана мұқтаждық білдіріп, адамдарға қол жаймау үшін сауда жасап, өз күнін өзі көруге ұмтылған.
Әйуб әс-Сихтияни есімді ғалым бір адамға: «Ей пәленше, дүкеніңе ие бол. Расында дүкен – сені адамдарға тәуелсіз етіп, дініңе берік етуші нәрсе» деп өсиет еткен еді.
материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz