13
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

«Кейбір сөздер сиқыр» деген хадистің мағынасы

«Кейбір сөздер сиқыр» деген хадистің мағынасы

Ислам тарихы

Бұл хадис сөздің адам жанына әсер етудегі орасан зор күшін бейнелейді. Мұнда «сиқыр» сөзі көркем сөздің жүректі баурап, сананы билеп алу қабілетін білдіреді.

Кейде жақсы айтылған сөз адамды өзгертеді, оны жаңа ойларға жетелейді немесе жанына медет береді. Бұл хадисте сөздің қуаты мен оның шынайы шеберлікпен қолданылғанда қандай ғажайып әсерге ие болатыны айтылған. Сөздің осы күшін дұрыс мақсатта, игілікке бағыттап қолдану әрбір адамның міндеті. «Кейбір сөздер сиқыр» деген хадис адамның жанына, жүрегіне терең әсер ететін шешендіктің қуатын айқын көрсетеді. Бұл хадисті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) арабтардың кейбірінің әсем сөйлеуіне таңданған сәтінде айтқан.

Имам Науауи бұл хадиске түсінік бере отырып: «Мұнда айтылған сиқыр – тыйым салынған сиқыр емес, керісінше, сөздің адамның сезіміне, ақылына әсер ету қабілеті. Шешендік пен көркем сөз жүректерді баурап, ой-санаға ықпал ете алатын ғажап күшке ие» - дейді.

Бұл хадис бізге сөздің күші мен оның адам өміріндегі маңызын ұқтырады. Жақсы сөздің жүрекке жетіп, жанды нұрландыратыны анық. Дегенмен, шешендік пен көркем сөзді дұрыс емес мақсатта қолданудан сақ болу қажет, өйткені оны теріс ниетпен қолданса, адамдарды адастырудың құралына айналуы мүмкін.

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: