27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Істеген жақсылығыңды, күнәларыңнан да қаттырақ жасыр»

«Істеген жақсылығыңды, күнәларыңнан да қаттырақ жасыр»

Ислам тарихы

Имам Әбу Хазим (р.а) өзінің бір сөзінде:

«Істеген жақсылығыңды, жасаған күнәларыңнан да қаттырақ жасыр» дейді. Істеген жақсылығыңды мейлінше жасыруға тырыс. Оң қолыңмен берген садақаңды сол қолың көрмесін. Бұл біздің ізгілеріміздің жолы.

Зәйнул Абидин (радиаллаһу әнһу) Мединадағы 400 үйді нәпәқамен қамтамасыз ететін болған. Алайда оның сол жақсылығын тірі кезінде ешкім де білмеді. Зәйнул Абидин (радиаллаһу әнһу) қайтыс болған күні аяқ-асты 400 үй нәпәқасыз қалғаннан, бүкіл жұрт оның сол бір жақсылығын білген.

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: