26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әрбір сынақтың өз уақыты бар...

Әрбір сынақтың өз уақыты бар...

Ислам тарихы

Әрбір сынақтың өз уақыты бар... Әрбір таршылықтың артында кеңшілік келеді...

Өмір осылай: жарық күн мен қараңғы түн алмасып тұрады...

Кейде жанымызды ауырсыну сыздатады... Кейде үміт жүрегімізді жұбатады... Бірақ әрдайым, қуанышта да, қайғыда да Алла сенімен бірге... Сондықтан қуанышымыз қысқа болса да, шүкір етейік...

Қайғымыз ұзақ болса да, сабырмен шүкірлігімізді ұмытпайық. «Басымызға қиындық түскенде: «Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Оған қайтушымыз» деп айтамыз.»

Бұл сөздердің тереңдігі қандай! Бұл Аллаға толықтай мойынсұнудың керемет көрінісі. Біз Оның құлдарымыз және Оның иелігінде өмір сүреміз. Егер Ол бізге нығмет берсе, біз шүкір етеміз, Егер Ол бізден алып қойса, біз сабыр етеміз. Егер Ол бізге бір нәрсені бұйырса, біз оны бұлжытпай орындаймыз,

Егер Ол бізден бас тартуды талап етсе, біз оны дереу қабылдаймыз. Алланың әмірі барлық әмірлерден жоғары, Оның ризалығы барлық ризашылықтардан үстем. Алламен өмір сүру, Алланың жолында болу және Онымен бірге болу – нағыз өмірдің мәні осы.

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: