11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ілтипат білдіру, мақтау айту әдебі

Ілтипат білдіру, мақтау айту әдебі

Ислам тарихы

Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау. (Бауыржан Момышұлы)

Ілтипат білдіру (комплимент) білдіру – сыйлық бергенмен тең. Ілтипат айту қашан да тегін. Ілтипатқа сыртын орайтын қораптың қажеті жоқ, тіпті оның сыймай қалады-ау дейтіндей өлшемі де жоқ. Алайда ілтипатыңды білдіру – өте бағалы нәрсе.

Біреуге ілтипат айтуға бар-жоғы бірнеше секунд кетеді, бірақ оның әсері көп уақытқа созылады. Мысалы, таңертең анаңыз жұмысына асығып, шығып бара жатқанда, сіз оған бүгін киген жаңа көйлегімен қандай әдемі болып тұрғанын айтсаңыз, ол күні бойы сіздің сөздеріңізге риза болып жүретін болады.

Егер досыңызға оның туған жерге арнап шығарған өлеңінің өте сәтті әрі әсерлі шыққаны жайлы айтсаңыз, ол үнемі сол өлеңді оқыған сайын сіздің сөзіңізді еске алатын болады. Дәл сол сияқты әжеңіз бауырсақ пісірген кезде сіз оған одан басқа ешкім бауырсақты дәмді етіп пісіре алмайтынын айтсаңыз, әжеңіз үнемі бауырсақ пісіретін кезде сол ілтипатыңызды еске алатын болады.

Ілтипат білдіру, мақтау айту – барлық адам жақсы көретін және берілген соң кері қайтарып алынбайтын өте бағалы «сыйлық».

Егер біреу құптарлық керемет іс жасады деп ойласаңыз немесе киген әдемі көйлегі өзіне құйып қойғандай боп тұрғанын көрсеңіз, ол адаммен дәл сол сәттегі әсеріңізбен бөлісіп, көңілін көтеріңіз.

Өз ойыңызды ішіңізде сақтап, ұялып немесе ол адаммен жақсы таныс емеспін деп ілтипат айтпау жөн емес. Дер кезінде айтылмаған сөз үшін өкініп қалуыңыз мүмкін.

Себебі біреуге жақсы сөз айту арқылы ешқашан қателеспейсіз және әдепсіз жасаған болмайсыз. Сізге бірнәрсе шынымен ұнаса ғана шынайы ілтипатыңызды жасырмаңыз.

Өзіңізге бірнәрсе қажет болғанда ғана жағымды сөздерді үйіп-төгу. Себебі егер құрбыңызды көрген сайын оның әдемі болып тұрғанын айта беретін болсаңыз, ол сізге сенуден қалады. Ешкім бұл өмірде тіпті модель де әр күн керемет болып жүрмейді.

материал «Әдебі әдемі ханшайым бол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: