26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бірде құлшылық қылсаң, бірде тіршілік қыл

Бірде құлшылық қылсаң, бірде тіршілік қыл

Ислам тарихы

Бірде Әбу Бәкір (р.а) Ханзала ибн Рабиғтың абыржып отырғанын көреді.

Әбу Бәкір (р.а) :

– Не боп қалды, Ханзала?

– Ханзала мұнафық болды!

– Алла – Пәк! Не деп отырсың?

– Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) отырғанда бізге жәннат пен тозақ жайлы айтып берді. Біз тура екеуін де көріп отырғандай күй кештік. Ол жерден тарқаған соң күйбең тіршілікке шомып, көп нәрсені ұмыттық.

– Алланың атымен ант етейін! Бұл – бізде кезігетін нәрсе, - деген Әбу Бәкір (р.а) Ханзала екеуі Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  барып болған жайтты айтып береді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Жаным қолында болған Алламен ант етейін! Өздерің айтқан күйде жүретін болсаңдар, сендермен жолда періштелер амандасатын еді. Бірақ, Ханзала, бәрі ақырын-ақырын, әсте-әсте болады, - деді. Әсте-әсте мағынасы: ғибадат бір қалыпты, бір күйде бола бермейді. Мына жақта отбасы, күнделікті тіршілік, бала-шаға бар. Әрқайсысы жеке көңіл бөлуді талап етеді.

Бұл жердегі негізгі мәселе – бірде Алла үшін, бірде нәпсің үшін әрекет ет деген мағынада емес. Бірде құлшылық қылсаң, бірде тіршілік қыл. Бірде отбасыңмен болсаң, бірде жұмысыңа көңіл бөл. Әрқашан адал істермен шұғылдан, харам істермен емес.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: