26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сенің дұғаң қабыл болуы үшін астың адалын ал

Сенің дұғаң қабыл болуы үшін астың адалын ал

Ислам тарихы

«Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрін берді. Бергені соншалық, егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шынында, адам баласы рақыметі жоқ, өте опасыз келеді» («Ибраһим» сүресі, 34-аят).

Себебі ол Алла. Үрей билеген жанды тыныштандыратын кім? Жаны құлазып келгенді кім жұбатады? Көмек сұрап келгенге кім жәрдем береді? Қайғыға батқанды кім шаттандырады? Адасқан жанға жолды кім сілтейді?

Дұға қабыл болатын уақыттарды аңды. Түннің үштен бір бөлігінде оған қарай бет ал. Ұшқан жебе көзделген нысанаға жетпей қоймайды. Раббыңа сен. Себебі оған жайылған бос қолдарың ешқашан бос қайтпайды. Бәрінен алдын ішкен асың адал болсын.

Сахаба Са’д ибн Әбу Уаккас бірде Пайғамбарымызға өзінің дұғаларының қабыл болмай жатқанын айтады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған: «Әй, Са’д! Сенің дұғаң қабыл болуы үшін астың адалын ал», - деді.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: