Құранды әсем дауыспен оқудың үкімі – мұстахаб, ал тәжуид ережесіне сай оқу – уәжіп болып саналады. Бастысы, тәжуид ер ежесіне сай, әріптердің махражын (дыбысталуын) шығарып оқуға тырысуымыз керек.
Кейде құранды әсемдеп оқимыз деп, ереже шеңберінен шығып кетіп жатамыз. Құранды әсемдеп оқу – жақсы көрілген іс, бірақ, қолдан келмесе ол үшін адамға кінә тағылмайды. Ал құранды тәжуид ережесіне сай оқу – міндетіміз.
Әл-Мәуәрди «әл-Хәуи» атты кітапта: «Құранды әуендетіп оқыған кезде, Құран сөзіне қандай да бір харекет (тыныс белгісін) енгізуге не болмаса қандай да бір харекетті қалдырып кетуге, сондай-ақ, мәдтерді созбай не болмаса мәд жоқ орындарды созып немесе сөзді өзгертуге, мағынасын бұзатындай дәрежеде созып Құранның оқылу ережесінен шығып кетуге тыйым салынады», - деген.
материал «Оқы да, жоғарыла» кітабынан алынды,
ummet.kz