22
Жұма,
Қараша

һижри

Аллам, Сені кездестіргенге дейін тура жолдан тайдырма

Аллам, Сені кездестіргенге дейін тура жолдан тайдырма

Ислам тарихы

Мазасыздық пен үмітсіздік біздің шынайы жағдайымызды өзгертпейді, тек күшімізді сарқып, бізді адастырады.

Ал қуаныш пен шаттық бізге өмірдің мәнін қайта оралтып, түн қанша ұзақ болса да, таңның атарын есімізге салады. Біздің қуанышымыз, күшқуатымыз, үмітіміз, өміріміз, армандарымыз, болашағымыз – барлығы Алланың қалауымен біздің игілігімізге айналады. Иә, бұл өмір Алланың рұқсатымен біздің қолымызда.

«Я, Аллам, Сені кездестіргенге дейін бізді тура жолдан тайдырма». Адамның өмірінде әлсіздік пен суықтық сәттері келіп тұрады. Бірақ бұл суықтықтың тереңдігі әр түрлі: ең жеңілі – тәннің суықтығы, одан кейін рух пен жүректің суықтығы, сезімдердің тоңуы, жат жердің суықтығы, адасудың суықтығы, жалғыздықтың суықтығы. Алайда, ең ауыр және ең өткір мұздай суықтық – иманнан және Алладан алыстағандағы суықтық. О, Аллам, бізді Саған жақындататын нәрселерге жақындат, ал Сенен алыстататын нәрселерден алыстат, және бізді Өзің жақсы көріп, разы болатын істерге жетеле...

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: