Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) бір кісінің біреуді мақтап жатқандығын естиді.
Тұсына келіп:
- «Сен онымен сапар шегіп көрдің бе?»
- «Жоқ».
- «Онымен араласып көрдің бе?»
- «Жоқ».
- «Өзінен өзге тәңір болмаған Алланың атымен ант етейін! Сен оны білмейсің, танымайсың», - деген екен.
Түйін: Шынайы достық, адамгершілік, кісілік т.б жағымды қасиеттер расында жол жүргенде, саудада жүргенде, қиын-қыстау шақта білінеді. Кейбіреулердің қиын сәттерде бет-пердесі (маскасы) шешіліп, шынайы беті көрініп жатады. Қысқасы кісіні тек тәжірибе жүзінде ғана тануға болады. Жанымызда әрдайым сіз бен бізді таршылықта қолдайтын, қуанышымызда сүйінетін достарымыздың саны көп болсын!
материал Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,
ummet.kz