Ғалымдардың һәм ұстаздардың алдында жамағаттың міндеті:
- Ұстаздың алдында кішірею.
- Ұстаз құрметті, қызметті қаламаса да, ол кісілердің қызметін жарасып қылып, сол арқылы сауап һәм шарапат үміт ету. Исламда жағымпаздық тек ұстаздың алдында ғана рұқсат етілген.
- Ұстазға шәкірт тәкәппарлануына болмайды. Шәкірттің тәкәппарлығының бір көрінісі – ілімді тек атақты ұстаздардан алуы, солардың кітабын оқуы.
- Ұстазға әзілдеуден аулақ болу керек. Ұстаздың кішіпейілділігін біліп, кейбір надандар ұстазға орынсыз әзілдеп жатады. Одан кейін қалай ілім қонсын?
- Ұстаздың алдында жаңбырды өзіне сіңіріп алатын жер секілді болу керек. Сол кезде ол кісіден көп нәрсе аласыз.
Ұстазын құрметтеген ел – құтылады. Құрметсіздік көрсеткендер – тұтылады.
материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды,
ummet.kz