14
Сенбі,
Наурыз

һижри

Ихтилаф – мәзһабтар арасындағы айырмашылық

Ихтилаф – мәзһабтар арасындағы айырмашылық

Ислам тарихы

Мәзхабтарды теріс түсіну мен түсіндірудің бір себебі мәзһабтар арасы айырмашылықтардың болуы. Бұл айырмашылықтардың қаншалықты жөн, қаншалықты теріс екенін төменде қарастыратын боламыз.

Бірақ одан бұрын осы қате түсінікке себеп болған нәрсеге тоқталу керек сияқты. Мәзһабтар арасы айырмашылықты, дінде бөлінушілікке теңестіру түсінігі Құран мен хадисте кездесетін «ихтилаф» сөзінен туындауда. «Ихтилаф» сөзі – «әртүрлі болу, әркелкі болу, келіспеу, қайшы пікірде болу, айтысып-тартысу, қайшылық, таласқа түсу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан «ихтилаф» сөзін барлық жерде шариғатқа қайшы істі білдіреді деу дұрыс емес. Құран мен хадисте де орнына қарай бірде тыйым салынса, бірде қошталып отырады. Мәзһабтар арасындағы айырмашылық та осындай қошталған «ихтилафтардың» қатарына жатады. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмметімнің (кейбір мәселеде) әртүрлі көзқараста болуы – рақымдылық», – деген.

Хадистегі «әртүрлі көзқарас» арабшадағы ихтилаф сөзінің аудармасы. Ал мұсылман қауымының арасын бұзатын айтыс-тартыс «ихтилафы» нағыз шариғат тыйым салған ихтилаф. Құранда бұлар жайлы: «Алланың құзырында шынайы дін – ислам. Сондай кітап берілгендер өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күңшілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші». Аяттағы «талас-тартыс» сөзі арабшадағы «ихтилаф» сөзі. Бұл жердегі ихтилаф мұсылмандардың сақтануы тиіс «ихтилафтардың» қатарына жатады. Ихтилаф жайында дұрыс түсінік қалыптастыру үшін оның себептерін, сипаттарын білу қажет. Онсыз қайсысының тыйым салынған, қайсысының рұқсат етілген ихтилаф екенін білу қиын.

Шариғатта кейбір мәселелердің болжамға сүйенгендіктен әркелкілік қабыл ететіндігі табиғи қажеттілік екендігін байқадық. Алайда кейбір адамдар «(Мұхаммед) егер Раббың қаласа адамдарды жалғыз үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда, бірақ Раббыңның мейіріміне бөленгендер басқа. Оларды сол үшін жаратты. Раббыңның: «әрине тозақты бүкіл жандар мен адамдарға толтырамын» деген сөзі тура шықты» деген «Һуд» сүресінің, 118,119-аяттарын мәзһабтар арасы айырмашылыққа қатысты етіп көрсетеді. Бұл аяттағы қайшылықтың мәзһабтар арасы айырмашылыққа қаншалықты қатысы бар екеніне алда тоқталатын боламыз.

Имам Шатибидің «Иғтисам» атты кітабында ихтилаф жайында пайдалы зерттеулері және ихтилафты шариғаттан тыс көрушілерге дәлелді жауабы бар. Имам Шатиби өткен үмметтердің қайшылыққа түсуі мен хақ жолдағылардың бірлігін баяндағаннан кейін былай дейді: «Осы бірлікте болғандардың өзі кейде дұшпандық мақсатымен емес, тек ізденіс нәтижесінде бір-біріне қайшы пікірге жолығады. Алла Тағала өзінің даналығымен бұл үмметтің ұсақ мәселелерінің көптеген пікірлерді қабылдайтын болжамдар нысаны болуын қалады. Әрбір көзі қырағы кісі үшін болжам жүрген жерде келісімді шешімнің болмайтыны анық. Әрине бұлардың бәрі негізгі ұстанымдарда емес, тек ұсақ мәселелерде ғана болады.

Сондықтан мұндай әркелкіліктің зияны жоқ. Тәпсір ғалымдары Хасаннан жоғарыдағы аят жайлы былай дегенін жеткізеді: «Мейірімге бөленген қауымға келер болсақ, олар зиянды таласқа түспейді. Себебі олардың таласы арнайы мәтін жоқ ізденісті қажет ететін мәселелерде ғана болады. Қайта олар үшін рұқсат пен үлкен кешірімділік бар. Сонымен қатар шариғат иесі Алла қайшылықтың бұл түрін білгендіктен, жүгінетін билік орнын да көрсетіп: «Әй мүміндер! Аллаға бой ұсынып Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Егер бір нәрсе жайында таласқа түссеңдер, оны Аллаға, Пайғамбарға ұсыныңдар. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар.

Міне осы қайырлы да нәтижеде жақсы» деді. Осы үлгідегі барлық қайшылықтарда бірінші Алла Тағала, яғни Құранға, сосын Пайғамбарға (егер тірі болса өзіне, қайтыс болғаннан кейін сүннетіне) жүгініп, салыстыруды Алла әмір етті. Ғұламалар солай істеді де. Демек «Һуд» сүресі, 118,119-аятындағы «мейірімге бөленген» қауымның қайшылығы мен «қайшылықта қасарысып тұратындардың» қайшылығы екі бөлек нәрсе. 

материал «Мәзһаб туралы таным» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: