Әбу Лейс Смарқанди: «Жақсылықты істеген адам төрт нәрседен қорқуы керек. Жамандық істеген адамның жағдайын өзің ойлай бер», дейді:
1.Қабыл болмай қалуынан қорқу. Алла Тағала Құранда: «Алла Тағала сөзсіз тақуалардан қабыл етеді», деді.
2.Рия араласуынан қорқу. Алла Тағала Құранда: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары үшін әмір етілген», деді.
3.Сол жақсы амалды сақтай алмай қалудан қорқу. Алла Тағала Құранда: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар», деді. Алла Тағала сыйды ақырет күнінде беруді шарт етті.
4.Аллаға бойсынуда бақытсыздыққа ұшырап қалудан қорқу. Өйткені ол соған сай бойсынып жатыр ма, жоқ па екенін білмейді. Алла Тағала Құранда: «Табысты болуым, Аллаға ғана байланысты, Оған тәуекел еттім әрі Оған бой ұсынамын», деді.
материал «Төртеу түгел болса» кітабынан алынды,
ummet.kz