Ей, нәпсім! Дінді, манды ауысытыратын ешнәрсе жоқ. Кімнің көлігі күн мен түн болатын болса ол көлік тоқтамай жүріп келе жатыр. Сен қаласаң да, қаламасаң да барар жеріне сені алып бара жатыр.
Ей, нәпсім! Алладан күнәңнің кешірілун сұра. “Ей, Рақымдылардың рақымдысы, жұмсақ, мейірімдім мен Сенің күнәһар пендеңмін, Сенен ұялмастан күнә жасап жүрген пендеңмін, міне, алдыңа келіп тұрмын. Тәубе есігіңді қағып тұрмын, менің күнәмды кешір, өз рақыметіңе бөле. Маған манның ләззатын сезінуді нәсіп ет”, - деп Алладан сұра.
Ей, нәпсім! Өзіңнің осы хәлің, жүрегіңнің қаттылығы сені қайғыртып жатыр ма? Көзіңнен тттей де болса жас шықты ма? Көзіңнен бір тамшы жас шықса, онда ол Алланың рахым теңізінің тамшыларынан. Онда сенде әлі қайыр бар екен, әрекет жаса, жыла. «Ей, Рақымдылардың рақымдысы күнәларымды кешір, мені рақымыңа ал, мені жәннаттық ет» деп Алладан сұра. Болмасаң хәлің қын, ешқандай барар жер жоқ. Алланың алдына ғана барасың. Сол үшін Аллаға жалын, жалбарын, Алладан күнәңнің кешірілуін сұра, жыла. Алла көз жасыңды көріп, сені рақыметіне бөлер.
Ей, нәпсім! Қияметтің сұрағына жауабыңды дайында және жауабың дұрыс болсын! Қалған аз күндеріңде ұзақ күндер үшін амал ет. Мәңгілік дүне үшін бұл жалғанда амал ет. Бұл қайғы-қасірет, қындыққа толы дүнеде мәңгілік рахат, мәңгілік ләззат болатын дүне үшін әрекет ет.
материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,
ummet.kz