Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахаба Әбу Зәррмен кетіп бара жатып екі тау текенің сүзісіп жатқанын көреді.
Әбу Зәррға:
– Олардың не үшін сүзісіп жатқанын білемісің?
– Жоқ.
– Бірақ Алла біледі! Екеуінің арасына қияметте үкім етеді, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Дүниеде бәрі шешіледі деу – қате түсінік. Дүние – сұрақ белгілер мен леп белгілердің алаңы. Нүкте ақыретте ғана қойылады! Бәрі де Алланың алдына барғанда соңғы, нақты шешімін алады.
Тауы шағылып, қорлық көрген, үміті сөніп қиындық көрген, ар-намысы тапталған, сөзге қалған, себепсіз жұмысынан айырылып қуылған, қандай жағдай болмасын, зәбір көрген жандар, мәселе онымен бітпейді! Екі тау текенің арасына үкім айтатын Алла пенделерінің арасындағы болған жайтқа да үкім айтады...
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz