Имам Шафиғи: Тамақты төрт түрге бөліп жеуге болады:
1 Жалғыз саусақпен жеу. Бұл – кірпияздық.
2. Екі саусақпен жеу. Бұл – такаппарлық.
3. Үш саусақпен жеу. Бұл – сүннет.
4. Төрт не бес саусақпен жеу. Бул – құлқынның құлы болу.
Төрт нәрсе тәнге қуат береді:
1. Ет жеу,
2. Хош иіс,
3. Жыныстық қатынасқа түспей тұрып жуыну,
4. Кетен киім кию.
Төрт нәрсе тәнді әлсіретеді:
1. Жыныстық қатынасты көп жасау,
2. Көп уайымдау;
3. Ашқарынға көп су ішу;
4. Ащыны көп жеу.
Төрт нәрсе көздің көру қабілетін күшейтеді:
1. Құбылаға қарап отыру;
2. Ұйкының алдында көзге сүрме жағу;
3. Жасылға қарау;
4. Киімді таза ұстау.
Төрт нәрсе ақылды арттырады:
1 Артық және орынсыз сөйлемеу;
2. Мисуак қолдану;
3. Ізгілермен бірге болу;
4. Ғалымдармен бірге жүру.
Төрт нәрсе құлшылық болып саналады:
1. Әрдайым дәретпен журу;
2. Көп сәжде жасау;
3. Мешітте көп болу;
4. Құранды көп оқу.
Имам Шафиғи тағы: «Ашқарын моншаға кіріп шыққан соң тамақтанбаған адамның қалай өмір сүріп жүргеніне, қан алдыра салып тамақ ішкен адамның қалай өлмегеніне таң қаламын», - деген.
материал Имам Ғазалидің «Тамақтану әдебі» кітабынан алынды,
ummet.kz