27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Күнәлар қанша үлкен болса, Оның рақымы одан да үлкен

Күнәлар қанша үлкен болса, Оның рақымы одан да үлкен

Ислам тарихы

Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі (күнә атты рухани кірлерден) тазаланушыларды жақсы көреді («Бақара» сүресі, 222-аят).

Аятқа үңілетін болсақ, Алла Тағала тәубе етушілердің тәубесін қабыл етеді немесе тәубе етушілерді кешіреді демеді. Бәлкім, тәубе етушілерді жақсы көремін деп жатыр. Иә, қателесіп, кейін кешірім сұрап келген құлдарын жақсы көреді.

Күндіз күнә жасап, түнде Аллаға қайтқандарды жақсы көреді. Алла Тағала бұл нәрсені күнәларымызды жалғастыру үшін айтып жатқан жоқ. Алла Тағала онымен біздің арамызда шайтанның тұрғанын қаламайды.

Жаратушымыздың айтқысы келгені – күнәлар қанша үлкен болса да, Оның рақымы одан да үлкен екендігі.

Қанша шалынсаң да Алла Тағала оған қайтудан тәубе етуден жалықпасаң, Ол сені кешіруден еш жалықпайды.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: