27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жеке адамдар үшін ахлақтың маңызы

Жеке адамдар үшін ахлақтың маңызы

Ислам тарихы

Ахлақ – адамның жан-дүниесінде қалыптасқан әдеттер.

Бұл әдеттер көбіне іс-әрекетімізден көрініс береді. Жан-дүниемізде қалыптасқан әдеттер екіге бөлінеді:

1) Жақсы әдеттер;

2) Жаман әдеттер.

Дене мүшелеріміздің іс-әрекеті жан-дүниемізбен тікелей байланысты.

Болмысымызда жақсы әдеттер орын алса, қылықтарымыз жақсарады, бұлар көркем ахлақ деп аталады. Ал егер болмысымызда жаман әдеттер орнықса, қылықтарымыз да жаман болады. Оны жаман әдет немесе жаман ахлақ деп атайды. Іс-әрекеттеріміздің жақсы, парасатты болуы үшін жан-дүниемізді жаман мінез-құлықтардан тазарта отырып, өзімізді жақсы мінез-құлықтарға баулуымыз керек. 

Ислам дінінде ахлақтың маңызы үлкен. Исламның мақсаты – адамдарды игі ахлақ иесі қылып тәрбиелеп, кемелдендіру. Ислам – көркем мінез деген сөз. Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: “Мен адамгершілік мінезді толықтырып, кемелдендіру үшін жіберілдім.” (Кәшф әл-хафа, І-том, 211-бет).

Мұсылманға берілетін баға оның парасаттылығымен өлшенеді. Пайғамбарымыз: “Сіздердің маған ең сүйкімділерің және қиямет күнінде маған ең жақындарыңыз – ахлағы көркем болғандарыңыз.” (Риязүс-салихин, ІІ-том, 54-бет) дейді. Пайғамбарымыздан: “Алла жанында ең сүйікті құлдар кімдер болады?” деп сұрады. Сонда: “Ең көркем ахлаққа ие болғандары”, – деп жауап береді. Ғибадаттар қалай дініміздің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да дініміздің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты – адамдарды жаманшылықтан тыйып, ізгі ахлақты болуға тәрбиелеу.

Білетініміздей, қоғам – отбасынан басталады. Отбасы – жеке адамдардан тұрады. Олай болса, бір ұлттың күшті болуы, береке-бірілік ішінде өмір сүруі жанұяның берік болуына байланысты. Отбасының береке-бірлігі отбасындағы жеке адамдардың парасатты іс-әрекеттеріне байланысты. Сондықтан қоғамды құрайтын жеке адамдардың парасатты болғаны үлкен мәнге ие. Шіріген тақтайлардан берік кеме жасалмайтыны сияқты парасатсыз, жауапкершілік сезімдерінен жұрдай болған адамдардан күшті-қуатты қоғам құрылмайды.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: