Адамдардың жағдайын жеңілдетуге ең құқылы – Алла Тағала Байлық та, бала-шаға да пайда келтіре алмайтын сол бір Күні адам баласы Алла Тағала алдында міндетті түрде тұратын болады.
Ол: «Ол күні шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады» («Фурқан» сүресі, 26-аят).
«Қашан Сүр үрленсе. Міне, сол күн, өте ауыр күн. Негізінен кәпірлерге оңай емес», – деген.
Ол күн, кім Құдіретті Алланың мейірімділігіне иман келтірмеген, Оған құлшылық етпеген, алғысын білдірмеген және Алланың басқа жаратқандарына жақсылық істемеген яки жәрдем көрсетпеген болса, ондай адамдарға аса ауыр сәт болатынына күмән жоқ. Ал Алла Тағалаға иман келтірген, Оған өз дәрежесінде құлшылық жасаған, жақсылық нығметтері мен игіліктері үшін алғысын білдірген және Алла Тағала оларға Өз мейірімін түсіргеніне разы болғанының айғағы ретінде адамдардың жағдайларын жеңілдеткен мұсылмандар туралы айтар болсақ, әлбетте Алла Тағала мұндай адамдарды олардың игі істері үшін жақсылықпен марапаттап олардың жаман амалдарын кешіреді, сөйтіп ол күнді олар үшін жеңіл етеді.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Бұрын) бір адам өмір сүрді, ол адамдарға қарызға ақша беретін еді және қызметкеріне: «Егер кедей борыштыға барсаң, оған кешірім ет, бәлкім, Алла да бізді кешірер» дейтін-ді, сөйтіп ол Алланы кезіктіргенде, (шынында да) Ол оны кешірді», – деді», – деген (Әл-Бұхари, Муслим).
Әбу Масғуд (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.а.с.): «Сендерден бұрын өмір сүргендердің біреуінен (өлген соң) есеп алынғанда, оның бай болғаны және адамдарды алаламайтыны және қиналған адамдарға әр уақытта қарызды кешіп жіберуді қызметкеріне бұйырғанынан басқа ешқандай игілік жасамағаны анықталған», – деді», – деген.
Пайғамбар (с.а.с.): «Ұлы Алла: «Бұған (яғни кешірім жасауға) оған қарағанда Біз көбірек құқылымыз, оны кешіріңдер!» – деді», – деген.
материал «Құран ілімдеріне кіріспе» кітабынан алынды,
ummet.kz