Құран нұрынан алыс өмір сүргендер өмірдің қараңғы жолаушылары. Әсіресе, мектеп шағындағы балаларымыздың Құран Кәрім мен діни мәліметтерге, иман мен ахлақ тәрбиесіне асқан қажеттілік бар. Діни тәрбиені жалғыз отбасылар бере алады деген пікір дұрыс емес. Пән ғылымдарын отбасында алу қалай мүмкін болмаса, діни білімдерді де солай лайықты адамдары мен мекемелерінен алу керек. Бұл аса қажет жағдай. Сонымен қатар өз балаларымыз үшін діни тұрғыдан қайраттанып жүргенде, айналамыздағы жастарға немқұрайды қарау Ислам бұйырған қамқорлыққа жанаспайды.
Адамдар көбіне материалист болып кеткен мына ақыр заманда, әсіресе, Құран Кәрім мұғалімдерінің шәкірттеріне өте көп көңіл бөлулері керек. Шәкірттің жүрегі ұстазына деген махаббатқа толы болуы керек. Жазалаушы төреші, не бас кесетін адам қылығын танытатын, тәкапарлығы мен ұлылығынан жанына жақындай алмайтын, махаббат пен сүйіспеншілік орнына таяқпен Құран үйретуге тырысып, жүректерге суықтық ұялатқан мұғалімдер мен ұстаздардың, директорлардың іс-әрекеттері босқа әуреден болудан басқа ен нәрсе емес.
Кішкентай балапандарымыз “Әліп-биді" бастамай тұрып, “Әліптің" ақиқатын үйренулері керек. Құстың жүрегіндей жүрегіне Алла мен Расулының сүйіспеншілігінен шықтар шағылыстырып, фәйзбен, руханиятпен “илеп” баулу керек. Исламның нәзіктігі мен әдемілігі, барлық сұлулықтары сол бейкүнә жүректерден орын алуы керек. Алла сөзін үйретуге тәңірдің үндеуге тыңдаушы болудың шаттығымен бастау керек.Осылай кішкентай жүректер Құран әліп-биінің басқа алфавиттерден өзгеше екенін ұғынып, өмір бойы Құранға деген құрметпен күн кешетін болады. Ақыры Алла сөзінің мағынасына үңіліп, иләһи сырлардың нұрлы қазынасына айналады. Қадірменді сахабалар Құран тәлімін асқан ұқыптылықпен, шексіз құрметпен атқаратын. Абдұллаһ бин Мәсғуд адамдарға Құран аятын оқытып, үйреткенде: «Бұл аят үстіне Күн сәулесі түскен және жер бетіндегі барлық нәрседен артық, қайырлы» деп, бұл сөзін Құранны барлық аяттары үшін қайталайтын (Һәйсәми, VII, 166).
Балапандардың бәйкүнә жүректері Алла мен Расулуллаға, Құран Кәрімге деген махаббатпен, соның руханиятымен толса, ғибадаттар да шаттықпен, құлшыныспен, жан тәнімен сүйсіне отырып орындалады, кемелдікке қарай жол тарта бастайды. Жүректеріндегі имандары қуат алып, көңіл әлемдері байып кетеді. Құран Кәрімді өзгеше ләззатпен оқиды. Ондағы әмірлер мен тыйымдарды ерекше сезіммен орындап, бойсұнады. Құран мен Расулалланың ахлағымен ахлақтанады. Құран Кәрімге деген құрмет, шаттық пен махаббат адамдардың жүрегін тірілтіп, ерекше жан сыйласа, оған құрметсіздік танытып, немқұрайды қарау адамды рухани өліміне сүйрейтін үлкен күнәлардың басында келеді. Хазіреті Пайғамбар өзіне үмметінің күнәлары көрсетілгенде, ең үлкен күнәның “үйренілген Құранды ұмыту” екенін айтқан болатын (Әбу Дәуіт, Саләт, 16).
Сондықтан әрі өзімізді, әрі балаларымызды үйреніп, өмірімізге енгізуге тырысқан Құран Кәрімнің махаббатмен, ахлағымен жабдықтап, оның фәйзімен, берекетімен қайтадан жанданып, рухани тірілейік. Керісінше жағдайда Құран Кәрімнің көңілдерге ықпал етуі мүмкін емес. Расулалла бұл туралы былай деген: «Үмметім сондай күндерге тап болады, құрралар/қарилар көбейеді, фәқиһтар/заңгерлер (салих амал иесі, дана ғалымдар) азаяды да, ақыры ғылым адамдардан алынады. Сонан оң, адамдардың оқығандары өңештерінен төмен қарай өтпейтіндей заман туады» (Хаким, Мүстәдрак, IV, 504).
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, көк пен жердің жаратылысында, күн мен түннің кезекпен алмасуында дұрыс ақыл иелері үшін айқын дәлелдер бар. Олар (дұрыс ақыл иелері сондай жандар) отырса да, тұрса да, жантайып жатса да Алланы еске алады. Көк пен жердің жаратылысына толық ой жүгіртеді де, (былай дейді): «Раббымыз! Сен бұларды бекер жаратпадың, Сен (ондайдан) пәксің. Бізді оттың (тозақ) азабынан сақтағайсың!» «Раббымыз! Сен кімді тозаққа түсірсең, шынында, оны қор қылғаның. (Сонда) залымдарға ешқандай медеткер де жоқ.»
Демек, Құран тәлімі оның ұлық та терең мағынасын ойлау арқылы өзіндік үлесін алу арқылы өз кемеліне жетеді екен. Әйтпесе, ойлаудан алыс және санасыз оқылған Құран хадис шәриaте айтылғандай, “өңештен төмен қарай өтпейтін”, яғни құлдың жүрегіне бармайтын, оған еш пайдасын тигізбейтін оқу ғана болады.
Қысқасы, Құран Кәрім қызметі асқан ұқыптылықпен, аса сезімтал жүрекпен орындалатын қасиетті іс әрі Алланың құлына деген ерекше сый тартуы болып табылады.
материал «Рухани шыңның ұлы сатысы» кітабынан алынды,
ummet.kz