07
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Алла Тағаладан артық уәдесіне берік ешкім жоқ

Алла Тағаладан артық уәдесіне берік ешкім жоқ

Ислам тарихы

Жақыным! Неге сенің дауысыңнан тербелісті, көзіңнен бір мұңды байқап тұрмын? Сен өзіңді салиқалымын деп есептемейсің бе? Бұл өзің құтыла алмай жүрген күнә-қателігің бар болғандықтан ба? Тәубе етсең де, қайта соған кіріптар боп жатырсың ба? Саған «салиқалылардың кінә-қателігі болмаған» деп кім айтты? Олар өз-өздерімен күреспейді деп ойлап жүрсің бе?

Олар бірде өздерімен күрессе, бірде шайтанмен күреседі. Бірде жеңіске жетсе, бірде жеңіледі. Әрбір салиқалы кісі сондай, досым. Бірақ, мейірімі шексіз Алла оларға деген махаббаты себепті қателіктерін өзге көздерден жасырып қойды.

Қадірлім! Раббыңның: «Біз үшін күрескендерді Өз жолымызға саламыз» деген сөзін оқышы. Алла үшін күресу тек қылыш пен қалқаннан ғана тұрады деп ойлайсың ба? Жүрегіңнің тазалығын сақтау үшін күресуің – Алла үшін күрес емей немене? Алла саған күнәңмен күрескенің үшін, одан кейін оны байқаусызда жасағаныңа өкінгенің үшін, жығылып қайта тұрғаның үшін, қателіктен кейін истиғфар айтқаның үшін сауап жазады. Осының бәрі Алла үшін күрес санатына жатады. Әрбір адасқан сайын сені Өзі тура жолға бағыттайды. Ол – Алланың уәдесі. Алладан артық уәдесіне берік ешкім жоқ.

Жақыным, барлық адам күнә-қателікке ұрынады. Салиқалы да, қателікке ұрынған да бірге сыналады. Бірақ, салиқалы өз айыбын әшкерелемейді, жасырады. Тез тәубеге келеді. Қателігіне сүңгіп кетпейді. Күнәсін мойындап, өзін ақтамайды. Қателіктен кейін өкіну, күнәдан кейін жылау, истиғфар айту – салиқалылықтың белгісі. Қателігің қайталанып жатқанын көріп, уайымдайсың ба, онда сен – салиқалысың. Алладан ұзақтап бара жатқаныңды сезініп, қам жейсің бе, онда сен – салиқалысың. Жаман адамдар мұндай нәрселер туралы пікір де жүргізе алмайды!

материал Аслан Орақбаевтың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: