Ілімсіз амал етуден сақ бол! Көптеген тақуалыққа бет бұрған адамдар құлшылыққа көп көңіл бөліп, ілімді тастап, тура жолдан ауытқып кетіп еді.
Өзіңнің үстіңе киетін әдемі, дұрыс киімің болсын. Ол киім байлардың арасында өте жоғары болмау керек сонымен қатар кедейлердің арасында да өте төмен болмау керек. Әрбір назарыңа, сөзіңе, қадамыңа есеп бер! Сен олардың бәрінен сұраласың! Алған іліміңе қаншалықты пайда алсаң, соншалықты өзгелерде пайда алады.
Уағызшы қашан өзінің айтқанына амал етпейді, айтқан сөздері де тастан аққан судай адамдардың жүрегіне әсер етпейді. Уағыз айтқанда да ниетіңді турала, жүрген кезде де ниетіңді турала, бір лұқма жесең де ниетіңді турала! Ілгерілердің өміріне көп үңілсең көптеген заттардың ақиқаты ашылады саған!
Адамдармен көркем түрде араласып, шекара сақтап үйрен. Себебі шекара сақтап араласу, адамдардан жырақ болу – жаман пиғылды адамдардан алыстатып, бекемдігіңді артырады. Уағыз айтатын адамның уағызынан – адамдар пайда алу үшін айыптарын көрмеуі керек. Егер сонда да адамдармен араласуға мәжбүр болсаң, жұмсақ, көркем мәміле құр. Егер олардың кемшіліктерін көретін болсаң көтере алмай қаласың.
материал «Ибн Жаузидың баласына өсиеті» кітабынан алынды,
ummet.kz