15
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Тілі ұзын, сөзі көп отанасы да – жаман бақташы

Тілі ұзын, сөзі көп отанасы да – жаман бақташы

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай деді:

– Ең жаман бақташы – қатты адам! Біз, бәріміз – бақташымыз. Отбасымызды, бала-шағамызды, бізге тапсырылған нәрселерді бағамыз, қараймыз, күзетеміз.

Қатты адам дегеніміз – өз қол астындағыларға, қарауындағыларға мейірімі жоқ адам.

Қолы ұзын, дауыс көтере беретін әке де – жаман бақташы. Қатігез бастық, көп жаза беріп, кейде ғана кешіре салатын басшы да – жаман бақташы.

Жауыз директор, жұмысшылардың ар-намысын аяқ асты ететін, сыйламайтын – жаман бақташы.

Тілі ұзын, сөзі көп отанасы да – жаман бақташы. Ата-анасын тыңдамайтын, ісі де, сөзі де оларға қарсы бала – жаман бақташы.

Уа, Алла! Жүрегімізді жібіт! Мінезімізді түзуле! Жаман бақташы болудан өзің сақта!

 

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: